Бүгін Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Кәсіподақтар орталығы аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік өткізілді.
Тазалық жұмыстарына «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы», «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымы мен салалық және жергілікті кәсіподақ өкілдері атсалысып, аула аяналасын қоқыстан тазартып, гүлдер егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталып, қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын түсініп, белсенді жұмыс істеді.
КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Comments