ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕН 9 ЖҮК КӨЛІГІ КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (-1-)

Қиындықта қалған ағайынға тұтас ел болып көмек көрсетілуде. Табиғи апат орын алған аймақтарда мемлекеттік құрылымдар азаматтардың өмірін сақтап қалуға барын салып көмектесіп жатыр. Ал, осынау аймақта апат зардабын шегіп, баспанасыз, киімсіз, ішер ассыз қалған отандастар үшін алаңдаушылық танытқан түркістандықтар гуманитарлық көмек жиануға барынша белсенділік танытуда.
Түркістан облысынан қарғын судың астында қалған аймаққа аттанған 150-ден астам кәсіби құтқарушы еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінде су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Ал, Түркістан облысындағы және аудан, қалалардағы Жастар ресурстық орталықтарында арнайы штабтар құрылып, әлі де гуманитарлық көмектер қабылданып жатыр. Апатты аймақтағы нақты көмек беру жұмыстарына партиямыздың белсенді өкілдері, депутаттар, жас партияластарымыз да жұмылып отыр. Облысымыздағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың аманаттық депутаттары осы мақсатта құрылған арнайы есеп шотқа қаржы аударуда.
Осы уақытқа дейін Түркістан өңірінің мейірімді халқы су басқан аймақтарға жүк көліктерімен 371 тонна гуманитарлық көмек жолдады. Ерікті жастар апат аймақтарына жіберілді. Аудан, қалаларда жеке азаматтар да ұйымдасып, өздері тікелей жүк көліктерімен көмек жіберіп жатқандар да баршылық.
Бүгін Түркістан қаласындағы «Экобазар» маңында Түркістан халқы атынан кезекті гуманитарлық көмек керуені қаздай тізіліп жолға шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер, оның ішінде Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі 3, ал облыстық түрік этномәдени бірлестігі 2 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмекті Батыс Қазақстан облысына жөнелтті…

Туған жерді аялау – азаматтық парызымыз

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕН 9 ЖҮК КӨЛІГІ КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *