ӘлеуметҚоғам

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЫ БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында биыл облыста 42 мектеп пайдалануға берілуі тиіс. Олардың 29-ы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынады. Бүгінгі таңда 28 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Солардың бірі – Келес ауданы Абай ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық білім ұясы. Білім ордасы «Samruk-Kazyna» АҚ-ы тапсырысымен салынып жатыр. Мұндағы құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС-і жүргізуде. Жер көлемі – 3,85 га. Жоба құны – 5,6 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Айта кетейік, Келес ауданында биыл 3 «Жайлы мектеп» құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ПАРТИЯЛАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *