ӘлеуметҚоғам

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛДЫ (-2-)

Бүгін қасиетті жер Түркістан топырағынан келген абыройлы азаматша өз атынан жасаған қолдауы ретінде жалпы қаржысы 8 млн. теңге болатын 100 түйе жүн көрпе, «Түркістан» эмблемасы бейнеленген 300 дана жылы күртеше мен бейсболканы пойызбен жеткізді. Ақтөбелік әріптестеріміз, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы мен белсенділері күтіп алып, Қобда ауданына жолға шықты. Ондағы 2 бекетте жатқан басындағы баспанасы мен ырыс-берекеге баланған ошақ басы су астында қалып қиындық көрген отбасыларға қолдауын білдіріп, әкелген жылы күртешелер мен көрпелер үлестірілді. Одан соң, «AMANAT» партиясының Қобда аудандық филиалы ғимараты маңында да тұрғындарға гуманитарлық көмек таратылды. Қалыйма Жантөреқызы қиындық көрген жандарға жылы сөзін арнап, қиындықты сабырмен еңсеруге шақырды. Ел болып жұмылуымыздың арқасында ауылдарымыз көп ұзамай еңсе тіктейтініне сенім білдіріп, Түркістан облысының Мақтарал ауданында осыдан екі жыл бұрын орын алған тасқын судың салдарын жұрт болып жұмылып еңсергенімізді еске салды. Ақтөбенің іргелі жұрты әлі талай қызықты күндерге, табысты сәттерге куә болады деген сенімін білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.
Отандастарының басына түскен осынау ауыртпашылықты бөлісуге алыстан ат арытып келген түркістандық әріптестеріне Қобда аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Қанатбайұлы мен «AMANAT» партиясының Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Елік Сабитов алғысын білдірді. Ақтөбелік ағайындар да аналық мейрімін танытқан Қалыйма Жантөреқызына ризашылығын жеткізіп жатты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛДЫ (-1-)

Алдыңғы

КӘСІПОДАҚ АКТИВТЕРІМЕН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *