ӘлеуметҚоғам

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛДЫ (-1-)

Ақтөбе облысындағы қарғын судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына Түркістан облысынан жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмектің ағыны тоқтаған емес. Жері шұрайлы Түркістан топырағынан азық-түліктің алуан түрі кетіп жатыр. Макарон, ұн өнімдері, мал және құс еті, өсімдік майы, консерві өнімдері, мұздатылған балық жеткізілуде. Дихандардың маңдай терімен жиналған картоп пен жуа, кептірілен көкөністер, жылыжай шаруашылықтарында баптап өсірілген қызанақ пен қияр, шалғам, биылғы жылдың ерте өнімі санатындағы қырыққабат жөнелтілді.
Облыстың тігін фабрикаларының төл өнімі ретінде көрпе-төсек, киім-кешек түрлері үйлері су астында қалған ағайынға түркістандық жүртшылықтың қолдауы санатында ұсынылды. Азаматтарымыз тұрмысқа қажетті өзге де бұйымдарды ел болып бірігіп жинап, зардап шеккен тұрғындармен қолда бар мүмкіндіктермен теңдей бөлісуге асық болды. Игілікті іске Түркістан облысының 17 аудан, қаласы үлес қосуда. Ауыл-аймақтарда волонтерлар, депутаттар, әкімдік қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер, жастар белсенділері, партиямыздың қатардағы мүшелері, дін өкілдері, азаматтық ұйымдардың белсенділері ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, қайырымдылық керуендерін жасақтап, жолға шығуын ұйымдастыруда.
Ауыртпалығын бүкіл еліміз теңдей бөлісіп жатқан қайырлы істен өңіріміздің ақ жаулықты аналары да шет қалмауды ұйғарды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Қалыйма Жантөреева облыстағы «Жастар рухы» жастар қанатының көшбасшысы Жансерік Жұманды ертіп топан судың ортасында қалған Ақтөбеге алып-ұшып жетті…

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНДА –ДІН ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

Алдыңғы

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛДЫ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *