ӘлеуметҚоғам

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНДА –ДІН ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында — облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады.
Діннің мемлекеттен бөлектігі мемлекеттің дін істеріне араласудан бас тартуына тұғырланады. Мемлекетте барлық діндер тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар қойылады. Алайда ел ішінде дін істеріне қатысты түрлі сауалдар туындап жататыны рас. Қоғамдық қабылдауға жазылған Жетісай ауданы Қоғалы ауылының қариясы Тұяқбай Қалықов ауылда мешіт тұрғызылып, құрылысы біткенімен құжаттандыру жұмысында қиындық туып отырғанын жеткізді. Басқарма басшысынан құжатты реттеп, әкімдіктен шешім шығаруға көмек беруін сұрады. Қарияның тілегін мұқият тыңдаған Рүстем Сабыржанұлы алдымен облыс имамынан анықтама қағаз алып, өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы тастауына болатынын түсіндірді. Егер ол мүмкін болмаған жағдайда сенім хат арқылы басқармаға келуіне болатынын, құжаттандыру жұмыстарына көмек беретінін жеткізді.
Ал, келестік Нұрбек Құдайбергенов қазіргі таңда кейбір хиджап киетіндердің толық жүзін жауып жүру үрдіске айналғанын, бұл мәселе бойынша басқарма тарапынан қандай да бір шара бар ма, деген сауалын жолдады. Осынау мәселе, жергілікті тұрғындарды ғана емес, еліміз билігін алаңдатып отырғанын еске салған басқарма басшысы заңмен бекітілгенде ғана шешімін табатынан атап өтті.
Қоғамдық қабылдауға жазылғандар одан бөлек құран бағыштағанда имамға ақша беру жайын, кейбір аймақтарда кездесетін «ақылы жоқтау» туралы ойларын айтса, енді бірі ораза айтқа қатысты сауалдар жолдады. Қазақтың ырым-тиымдары бойынша сұрақ қойғандар да бар. Рүстем Сабыржанұлы әр сұраққа барынша тиянақты, заң шеңберінде жауап берді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛДЫ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *