«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында өңір халқына қолайлы жағдай жасау үшін барлық сала қамтылып, оның нақты орындалу мерзімі белгіленген. Бүгінде осынау бағдарламаның орындалуы партия филиалының қатаң бақылауында.
Сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі Жол картасындағы «Табысты арттыру» тармағының «Ауылшарушалығын дамыту» және «Кәсіпкерлерді қолдау» бөлімінде «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында атқарылуы тиіс міндеттер қаралған. Жалпы, аталған жоба аясында 2,5% пайызбен жеңілдетілген несие алу жолдарын халыққа кеңінен түсіндіру арқылы
өңір тұрғындарын 5 жылда 19,8 млрд. теңгеге несиелендіру жүзеге асады. Жыл сайын 2 000 кәсіпкерге дейін микрокредит беруге мүмкіндігі қарастырылған.
Мәселен, «AMANAT» партиясының Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 12 тармағына сәйкес өткен жылы Ордабасы ауданында “Ауыл аманаты” бағдарламасы Бадам, Бөржар, Шұбар және Қараспан ауылдық округтерінде өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, ауылшаруашылық өндірістік коперативтерін жабдықтау және өз кәсібін жаңғырту бағыттарында жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобаға аталған ауыл округтерінен 359 құжат өткізіліп, 261-і мақұлданған.
Атап өтер болсақ, өсімдік шаруашылығы бойынша 131,5 млн теңгеге 18 жобаға қолдау білдірілсе, мал шаруашылығын жүргізу үшін 1 млрд 398 млн.теңгеге 226 жоба өткен. Ал, тұрғындардың жеке кәсібін жаңғырту мақсатында 7 жоба қолдау тапқан. Одан бөлек, жобаға қатысқан “Шұбар-1” ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2 ауылшаруашылығы техникасын сатып алды.
Биыл, Ордабасы ауданында “Ауыл аманаты” бағдарламасын 4 ауылдық округте жүзеге асырып, кәсібін дөңгелету үшін 320 жанға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарапатын көргендер бүгінде алғысын білдіріп, тиімділігін айтуда.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызмет
Comments