ӘлеуметҚоғам

БІРІМІЗ БІРІМІЗГЕ СҮЙЕУМІЗ (-2-)

Халқымыз паш еткен ерен еңбектің, терең бауырластықтың арқасында Мақтааралдың су басқан ауылдары қысқа мерзім ішінде қайта бой тіктеп, еңсесін көтергенін зор ризашылықпен еске алады.
Айта кету керек, халық жанашырлығын, қайырымын бір кісідей жақсы білетін Түркістан облысының тұрғындары қарғын судың зардабын қатты сезінген Ақтөбе өңірінің аймақтарына күн сайын көмек керуенін жөнелтуде. Ақтөбелік жұртшылыққа халық көмегі ең алдымен Мақтаарал ауданынан келіп жетті. Оның артынша қасиетті Түркістан топырағынан 30 тонналық жүк көлігі халыққа ең бірінші қажеті бар тауарлармен аттанды. Қайырымды істі Жетісай ауданы жалғастырып, азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек тиелген тағы бір 30 тонналық жүк көлігі Ақтөбеге қарай бет алды. Жетісай аудандық мәслихаттағы депутаттар да жалпыхалықтық істен құр қалмай, арнайы қорға жеке қаражаты есебінен 21 млн. теңге аударды. Сайрам, Ордабасы аудандарынан да көмек керуені жолға шықты.
Гуманитарлық көмек керуенін жасақтауға Түркістан облысының 17 аудан, қаласы жұдырықтай жұмылып отыр. Халықтың аманаты зардап шеккен аумақтарға алдағы уақытта да жеткізілетін болады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БІРІМІЗ БІРІМІЗГЕ СҮЙЕУМІЗ (-1-)

Алдыңғы

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЕЛ СЕНІМІН НЫҒАЙТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *