ӘлеуметҚоғам

БІРІМІЗ БІРІМІЗГЕ СҮЙЕУМІЗ (-1-)

Қарғын судың астында қалған ауылдарға ағылған халық көмегі сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетуде. Су басқан аймақтардың тұрғындарына арналған азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсеніш, тұрмысқа қажетті басқа да заттарды жинап жөнелтуге әкімдік қызметкерлері, депутаттық корпус өкілдері, азаматтық ұйымдар, волонтерлар, діни ұйымдардың қызметшілері, жастар белсенділері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, қатардағы партияластарымыз, жалпы тұрғындар күш біріктіріп, қиындықты ел болып еңсеруге жұмылуда.
Сылдырсыз аққан судан келер қауіптен секем алған Мақтаарал ауданының тұрғыны, аудандық мәслихаттың депутатты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Қанат Мырзахметов байыз тауып отыра алмады. Топан судың топалаңын естіген бойда дереу жолға шығуға қамданды. Жиналмалы қайығын алып, адамдарды, мал-мүлікті құтқаруға жәрдемші болар құрал-саймандарын жинастырып, бір түн ішінде қиындыққа тап болған ақтөбелік ағайындардың арасынан табылуға жолға шықты.
Мақтаралдық азамат ақ пейілді Ақтөбе қаласына табан тіреп, төтенше жағдай енгізілген аймақтағы құтқару жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Қала іргесіндегі су қоймасы маңындағы және осы аймақтағы Елек пен Қарғалы өзені жағалауларындағы үйлерді су ағынынан сақтау, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, малдың суға ағып кетпеуін ұйымдастыру жұмыстарында азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерімен бірлесе жұмыстар атқарды. Тасқын судың зардабына тап болған Ойыл елді мекенінің тұрғындарына көмек көрсетуге ұмтылды. Су астында тұрған, құлауы мүмкін үйлерге азаматтардың кірмеуін ескертіп, тұрғындарға қолдан келер көмегін ұсынуда.
Партияласымыз қиындықта қалған ағайынның жанынан табылып, қолдауын көрсетуді ерлік деп емес, азаматтық борышым деп біледі. Өйткені дәл осындай қиындықты Мақтаарал жұртшылығы бастан кешкен кезде, өздеріне бүкіл Қазақстан халқы көмек көрсеткенін айтады…

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫС БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ (-3-)

Алдыңғы

БІРІМІЗ БІРІМІЗГЕ СҮЙЕУМІЗ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *