Әлеумет

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫС БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ (-3-)

Заңдарды өзгертуге немесе толықтыруға қатысты тұрғындар білдіретін ұсыныстар міндетті түрде кәсіби тұрғыда зерделенетінін түсіндіріп, денсаулық сақтау және білім беру ісіне қатысты заң нормативтері бойынша белсене ұсыныс білдіруге шақырды.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында өткен кездесуде емдеу мекемесінің бас дәрігері, «Салауат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Берденов Түркістан қаласының орталық ауруханасы бүгінде жыл санап халық саны артып отырған қаланың басты емдеу мекемесіне айналғанын жеткізді. Аурухана технологиялық тұрғыда өркенді қадам басқанын айта отырып, радиология, травматология, хирургия, терапия бейінді салаларында жетілгенін жеткізді. Қазірдің өзінде мұнда 500-ге жуық науқастың жүрегіне ота жасалып, 10 шақты азаматтың тізе буындарын ауыстыруда күрделі ота түрлері сәтті іске асқанын мәлімдеді. Қызмет тиімділігі артып отырған аурухананың қаржыландыру жоспарын ұлғайту мәселесі бойынша ұсынысын айтты. Партияның өңірлік филиалы бұл мәселені зерделейді және қажет болған жағдайда медицина саласының сарапшыларын тарта отырып, тиісті заң нормаларына түзету енгізу бойынша ұсыныс білдіретін болады.
«№1 Арнайы кешен «Балабақша-мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, «Мейірім шуағы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айгүл Тілепова ұжымға арнайы келіп, партияның атқарып жатқан жұмыстары туралы толыққанды ақпар берген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевке алғысын білдіріп, білім беру ұйымы мен партия арасындағы өзара ықпалдастық байланыстар одан әрі нығаятынына сенім білдірді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫС БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ (-2-)

Алдыңғы

БІРІМІЗ БІРІМІЗГЕ СҮЙЕУМІЗ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *