Әлеумет

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-2-)

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан мектептер құрылысында тапсырыс беруші ұйым — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен басқарманың ықпалдастығын арттыру жүктеліп, Ұлттық жобаның тиімді іске асырылуын үйлестіру керектігі ескертілді.
Осы мәселе бойынша қосымша хабарлама жасаған Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Махамбетов облыс көлемінде 912 мемлекеттік мектеп жұмыс атқаратынын хабарлап, 159 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқанын жеткізді. Арнайы дерекқорға алынған мағлұмат бойынша, бүгінгі таңда облыс аумағында 4 мектеп – апатты, 5 мектеп – үшауысымды санатына жатқызылғанын мәлімдеді. Бұл мектептердің мәселесі 2025 жылы түпкілікті шешілетінін хабарлады.
Жиынға қатысушылар тарапынан жаңадан салынған мектептерде анықталған ақауларды мердігер ұйыммен берілген кепілдік мерзімі ішінде анықтап, ретке келтіру, жаңа мектептерді құжаттандыру ісі, оның ішінде білім беру қызметіне лицензия алу, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан рұқсат құжаттарын рәсімдеу мәселелері туралы сауалдар қойылды. Пайдаланымдағы мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу, мектеп аулаларына қоршау орнату мәселелері қозғалды. Депутаттық корпус өкілдерін басқарма жанынан әрекет ететін комиссиялардың құрамына енгізу мәселесі айтылып, білім саласын қамтитын жұмыстарға қоғамдық бақылауды күшейту керектігі жөнінде ұсыныс білдірілді.
Мектептердің құрылысына қатысты мониторинг жұмыстарының нәтижесі жөнінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбековтың хабарламасы тыңдалды. 2023 жылы облыс бойынша пайдалануға тапсырылған 20 мектептің құрылысына қатысты партиялық бақылау қызметінің нәтижелері баяндалып, өңірімізде мектептер құрылысы саласының қазіргі ахуалы таразыланды…

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-3-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *