Әлеумет

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-1-)

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті мәжілісі өтті. Жұмыс жиыны партия филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиевтің төрағалығымен өтіп, оған Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Алмаханұлы Абишов бастаған Саяси кеңес Бюросының құрамы қатысты.
Өңірдегі бірқатар өзекті мәселелер қаралған жиынға Түркістан облыстық мәслихатының партиялық фракция депутаттары, облыс әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары, басқарма басшыларының сала бойынша орынбасарлары, Кентау қаласының әкімі, «Қазавтожол», «Қазсушар» республикалық ұйымдарының өңірлік дирекциялары басшыларының орынбасарлары, «Тұран су» облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, өңірлік партия филиалының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібіне енген мәселе бойынша Түркістан облысының құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің есебі тыңдалып, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енген мектеп құрылыстарының барысы қаралды. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2024 жылы облыс көлемінде 15 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған болса, оның 13-і биыл іске қосылуы керек деп межеленген. Аудан, қалалардағы нақты елді мекендер кесіндісінде салынып жатқан мектептер жөнінде ақпар беріліп, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының атқарылу деңгейі баяндалды.
Саяси Кеңес Бюросының мүшелері тарапынан Бәйдібек, Сауран, Сарыағаш, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас аудандарындағы білім беру нысандарының пайдалануға тапсыру мерзімдері туралы нақты сауалдар қойылып, басқарманың жіті бақылауына алу керектігі айтылды…

2024 -2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Алдыңғы

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *