АймақӘлеумет

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ (-2-)

Волонтерлар мен белсенді жастар, партиямыз жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері бүгін ел аманатымен жиналған 30 тоннаға жуық көмекті жүк көлігіне тиеді. Гуманитарлық керуенді шығарып салуға жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері жиналды.
Түркістандық жұртшылықтың қолдауы болып табылатын керуеннің жолға шығуына сәт сапар тілеуін жеткізген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев халқымыздың «Қол жұмылмай — жылынбайды» деген аталы сөзін мысалға келтіре отырып, ел басына күн туған қиын сәтте белсенді азаматтарымыз көмек қолын созып жатқанын мәлімдеді. Қайырымы мол бұл істе бір топ депутаттарымыз бен партия еріктілері де атсалысып жатқанын атап өтті. Жастарымызға азаматтық белсенділіктері үшін ризашылығын білдіре отырып, біз сендермен мақтанамыз деген игі тілегін жеткізді.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұжымы тасқын судан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету ниетімен бір күндік еңбекақы жалақысын арнайы қорға ортақ келісіммен аударуды ұйғарды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ (-1-)

Алдыңғы

ТҮЛКІБАСТА «ПАРКТЕР ШЕРУІ» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *