«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ордабасы ауданына қарасты ауылдарда сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шаралар барысында саябақтарда жалпы саны 685 ағаш әктеліп, жол бойындағы ғимараттардың қасбеттері сырланды.
Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалар реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 500 түп гүл мен 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Орталықта орналасқан 35 көшеде жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалпына келтірілді. Жалпы тазалық акциясында 9 тонна қоқыс шығарылды. Аудандық ауқымды сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments