Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасын табуда. Бүгінде Созақ ауданы аумағында санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.

Акция аясында барлық ауылдар мен елді мекендерде гүл мен тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, тұрғын үйлердің ауласындағы қоршауларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, талдардың түптері әктеліп, жол белгілері мен көше бойында орнатылған электр бағаналарын сырлау сынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТҮРКІСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР САЯБАҚҚА 100 ДАНА АРША АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

Алдыңғы

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІКТЕР ӨТІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *