Жаңалықтар

АРЫСТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АУЫЛ ОКРУГТЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Арыс қаласында республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ақдала, Жиделі және Байырқұм ауылдық округтерінде ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар барысында Байырқұм ауылдық округінде 200 түптен астам қаратал көшеттері егілді. Бұдан бөлек, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Сондай-ақ, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды.

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы – ағаш көшеттерін отырғызуға, тал түптерін әктеп, абаттандыруға бағытталған. Алдағы уақытта Арыс қаласында тал-көшеттерін күтіп-ұстауға бағытталған ауқымды шаралар өз жалғасын табады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Алдыңғы

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *