Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Цифрлық даму министрлігі бірқатар нұсқаулық ұсынды

 

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.

Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:

1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.

Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:
— өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;
— ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;
— Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.

Көптеген пайдаланушылар ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламаларды ала бастады. Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынады.

Бұл хабарламаларды алмаған азаматтар олардың жоқтығына алаңдамауы керек. Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет.

Құрылғыда автоматты жаңарту қосулы болса, уақытты автоматты анықтау параметрлерде қосылған және интернетке қосулы болған жағдайда, уақыт автоматты түрде өзгереді, егер болмаса, оны қолмен өзгерту керек.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/716231?lang=kk

Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

Алдыңғы

Шымкент қаласының әкімі әскери бөліммен танысты

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *