ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«САМАРҚАНД – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 15 НАУРЫЗДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ


Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы және «QAZAQ AIR» әуекомпаниясының өкілдерімен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде 15 наурыздан бастап «Самарқанд – Түркістан» әуе рейсі ашылады.
Айта кетейік, рейстер аптасына 2 рет жұма және жексенбі күндері заманауи, ыңғайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады.
Осы тақырыпты талқылау мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев, «YDA Group» компаниясының авиация саласындағы бас директоры мен Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов және тағы басқа басшылардың кездесуі өтті.
Жиын барысында ең әуелі туристерді тарту, креативті индустрияны қолға алу, сондай-ақ, туристер ең көп баратын орындардың инфрақұрылымын жақсарту, жаңа туристік маршруттар арқылы келушілердің санын көбейту жаңа рейстерді іске қосу барысы талқыланды. Келіссөз аясында алдағы уақытта тың идеялар іске асырылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 540 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ТҮСІМІ ТҮСКЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *