Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетіне биыл 100 жыл! Бір ғасыр бойы өңірдің шежіресін тасқа қашап басып келе жатқан басылымның мерейтойын атап өту басталып кетті. Соның жалғасы ретінде бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде «Ескірмейтін естелік» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстың зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, журналистер мен фотограф мамандар қатысты.
– Қарашаңырақ басылымның ғасырлық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Түркістан өңірінің руханият саласындағы елеулі оқиға деп білемін. Тарихы өткен ғасырдан басталатын газеттің маңызы ерекше. Ғасырмен иықтасып тұрған «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тарихы, беделінен бөлек, түрленген Түркістанның жылнамасының жазылуында өзіндік қолтаңбасы бар. Мен үшін де бұл мерекенің орны бөлек. Өйткені, журналисттік өмірімнің жемісті жылдары киелі шаңырақта қызмет етумен ұштасты. Ұлтымыздың біртуар арыстары қалам тербеген тарихи басылым бүгінде игі істердің, жетістіктер жаршысы болып келеді. Газеттің 100 жылдығы аясында ауқымды, тағылымы мол іс-шараларды көптеп өткізу жоспарланып отыр. Биыл осынау мереке аясында жыл көлемінде облыстық, республикалық деңгейде бірқатар іс-шараларды өткіземіз, – деді Бейсен Дәулетұлы
Іс-шара барысында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің Директор-бас редакторы Абай Балажан сөз сөйлеп, басылымның ғасырлық тарихына тоқталды. Бүгінгі фотокөрменің мән-маңызы жайлы әңгімеледі.
«Тұнба бастауын «Ақ жол» газетінен алатын бұл басылымды шығаруға Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дулатұлы, Нәзір Төреқұлов секілді ұлт қайраткерлері атсалысып, халық мүддесін көздейтін мақалалары мен шығармаларын жариялап отырған. Одан беріде қазақ руханиятының сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған бұл газетте Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Арыстанов, Бейсенбай Кенжебаев сынды біртуар тұлғалардың қаламының табы қалған. Өткен ғасырдың елуінші-сексенінші жылдары аралығында да «Оңтүстік Қазақстан» газеті өз мұратынан айнымай, кеңестік цензураға қарамай салт-дәстүрімізді, тарихымызды, тілімізді, ділімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу, руханиятымызды сақтап қалу жолында талмай қызмет етті. Газетке сол жылдары редакторлық жасаған, редакцияда қызмет еткен аға буын өкілдерінің барлығы осы жолда тер төгіп, ұлт үшін қызмет етті деп айта аламыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де газет сол соқпақты әрі қарай жалғастырып, егемен еліміздің саяси тұрақтылығын сақтау, облыс экономикасы мен мәдениетін дамыту жолында маңызды рөл атқарып келеді» деді Абай Бекназарұлы.
Сондай-ақ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдолла Садықов та ізгі тілегін арнады. Кеште айтыскер ақын Ахметрасул Баянбай арнау айтты. «Алқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі өз өнерін көрсетіп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар шежіреге толы көрмені тамашалап, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Айта кетейік, фотокөрмеде аға басылымның әр жылдардағы тарихы фотосуреттер арқылы көрермен назарына ұсынылып отыр. Мұнда тек редакция ұжымының тарихы ғана емес, бүкіл оңтүстік өңірдің тарихында өзіндік орны бар тұлғаларды табуға болады. Сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Қайсар Шерімнің жеке шығармашылығынан алынған туындылар да қойылған. Көрме бір аптаға жалғасады деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
————
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА ФОТОВЫСТАВКА «ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК», ПОСВЯЩЕННАЯ 100-ЛЕТИЮ ГАЗЕТЫ «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН»
В этом году общественно-политической газете «Оңтүстік Қазақстан» исполняется 100 лет! Это старейшее и ведущее печатное издание региона. В области начались мероприятия по празднованию юбилея газеты. Сегодня в Конгресс-холле Туркестана стартовала фотовыставка «Ескірмейтін естелік». В церемонии ее открытия приняли участие заместитель акима Туркестанской области Бейсен Тажибаев, представители интеллигенции, писатели, журналисты и фотографы.
— От всей души поздравляю с вековым юбилеем газеты! Это серьезное событие для нашего региона. Газета «Оңтүстік Қазақстан» внесла огромный вклад в летопись края. Для меня это особый праздник – я работал в этой редакции. В этом году, к 100-летию газеты, мы проведем ряд мероприятий на областном и республиканском уровнях, — сказал Бейсен Даулетович.
В ходе мероприятия выступил директор-главный редактор областной общественно-политической газеты «Оңтүстік Қазақстан» Абай Балажан, который рассказал о многовековой истории издания и значении фотовыставки.
«В издании газеты, которое берет свое начало с газеты «Ақ жол», участвовали такие национальные деятели, как Султанбек Кожанов, Турар Рыскулов, Мыржакып Дулатулы, Назир Торекулов, они публиковали статьи и произведения на странице газеты. Свои произведения печатали и Мухтар Ауэзов, Жусупбек Арыстанов, Бейсенбай Кенжебаев. В 50-60 годы газета «Оңтүстік Қазақстан» неустанно служила своему читателю, чтобы передавать наши традиции, историю, язык, менталитет следующим поколениям, несмотря на советскую цензуру. Можно сказать, что все представители старшего поколения, которые в те годы редактировали газету и работали в редакции, служили всей нации. После обретения Казахстаном независимости газета продолжает эти традиции и играет важную роль в сохранении политической стабильности, развитии экономики и культуры области», — сказал Абай Бекназарович.
С теплыми пожеланиями обратился профессор МКТУ имени Х. А. Ясави, доктор филологических наук Сейдулла Садыков. На вечере выступили айтыскер-акын Ахметрасул Баянбай, этно-фольклорный ансамбль «Алқоңыр».
На фотовыставке представлена история газеты на фотоснимках. Это не только история коллектива редакции, но и всего южного региона. Также представлены работы фотокорреспондента газеты Кайсара Шерима. Планируется, что выставка продлится неделю.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments