АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарЖастар саясаты

Түркістан өңіріндегі келелі жиындар

Апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрине, әрбір жиынның мақсаты – ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіру.

Өйткені, мұндай жиындарда нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары қарастырылады және алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалып, ұсыныстарайтылады.

Соның бірі, Сауран ауданында өткен Түркістан облыстық мәслихатындағы«AMANAT» партиясы фракциясының кезекті көшпелі отырысы. Көшпелі отырысты фракция жетекшісі, партия филиалының төрағасы А.Үмбетәлиев жүргізді. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, фракция мүшелері, Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары М.Ералиев, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Айтпаев, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Төлешев, Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы М.Көкенов, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Б.Досжанов  және облыстың салалық басқарма басшылары,  Сауран ауданының әкімі М.Таңғатаров, аудандық мәслихаттың партиялық фракция депутаттары және басқа да ресми өкілдер қатысты.

Жиында Сауран ауданы тұрғындарының алаңдаушылығын туғызып отырған бірқатар өзекті мәселелер қаралып, тиісті мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды.    

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттағы аманаттықтар Сауран ауданына қарасты аумақтағы заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар мәселесін қарады. Аталған мәселе бойынша Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Қ.Шонбасовтың есебі тыңдалды.

Жалпы, жер қойнауын жүйесіз пайдалану салдарынан тұрғындар пайдаланып отырған жер асты суының деңгейі түскен. Осы орайда, жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға тосқауыл қоюда каръерлік техникалар мен ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейту, экологиялық ахуалға кері әсерін тигізіп жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиясынан айыру, мониторинг жұмыстарын күшейту, қоры алынған кен орындарын рекультивация жасау, кен орындарын кәсіби тұрғыда бағалауға маркшрейдер мамандарды тарту сындымәселелер қозғалып, мониторингтік топтың құрамына облыстық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерін қосу қажеттігі айтылды.

Осы мәселеге қатысты Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы М.Көкенов жер қойнауын пайдалану бойынша салық міндеттемелері жөнінде хабарлама жасады. Ол жергілікті бюджетке бағытталған салық түсімдерін ұлғайту үшін осы салада қызмет атқаратын кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында түсіндірме жүмыстарын жүргізіп, олардың салық төлеуші ретінде жергілікті аумаққа тіркелуін ынталандыруға күш біріктіруге шақырды.    

Сонымен қатар, фракция отырысында Түркістан облысындағы ағын су ресурстарының бүгінгі ахуалы және су қорын тиімді пайдалану, көктемгі жауын-шашыннанболатын су тасқынының алдын алу, «Жер аманаты» жобасының орындалуы туралы мәселелер де қаралды.

Жиын  соңында фракцияның күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, олардың орындалуы бақылауға алынды. Сәрсенбінің  сәтті күні Түркістанда облыстық Қоғамдық кеңестің жиырма тоғызыншы отырысы өтті.

Жиынға облыс әкімі Д.Сатыбалды,облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов қатысты. Сонымен қатар, отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкіміаппаратының басшысы, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Жылқышиев жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында Түркістан облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыс әкімінің есебі тыңдалды. Өңір басшысы өз баяндамасында атқарылған жұмыстар мен жаңа бастамаларға, жоспарларға тоқталды. Ол облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы климат қалыптасқандығын айтып, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мың бірлікті құрап, 1,6 трлн. теңгенің өнімі шығарылғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, Д.Сатыбалды кәсіпкерлер 21,3 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілгенін және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Сауран ауданында 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылып жатқандығын айтты. Жобаға сәйкес алдағы 3 жылда 42 өндірістік ғимарат салу көзделіп отыр. Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылған.

Инвестиция көлемі 972 млрд. теңгеге жетіп, 1,3 есеге артқан. Жоспарланған 56 инвестициялық жоба толығымен іске қосылып, 2141 жұмыс орны ашылған. Экономиканы дамытуға тың серпін беретін 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде.

Озық шетел тәжірибесін кеңінен қолдану мақсатында Қытай, Австралия, Түркия және тағы басқа мемлекеттерімен келіссөздер жүргізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілген.

2023 жылы Түркістан облысында 899 мыңшаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерге ие болып, 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.

Жалпы, облыс әкімі барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.  

Өз кезегінде, қоғамдық кеңес мүшелері облыс әкімінің жұмысын оң бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан облысы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Ә.Бектұрғанов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов, білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Маханбетов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Әбдуәлиев өз салаларына байланысты қаулы жобаларын қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына ұсынып, кеңес мүшелері қаулы жобаларын бекіту туралы шешім қабылдады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАРИЯЛАР МЕН ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АРНАЙЫ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *