ЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 970 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов айтты.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн 699 млрд теңгені құраған.

«Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіш бойынша облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі — 972 млрд 31,8 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 26,1%-ға артқан. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесі — 72,5%. Яғни ең басым секторлар — өнеркәсіп және жылжымайтын мүлік салаларында. Сондай-ақ, бюджеттік инвестициялардың үлесі — 27,5%. Олар инфрақұрылым нысандарын дамытуға, жылжымайтын мүлік саласына, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке бағытталған, — деді Нұрқожа Ермекұлы.

Экономиканың дамуына байланысты және халықтың жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға инвестициялар ұлғаюда. Осылайша, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бұл салада негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 4,3%-ға артып 156 млрд 268,6 млн. теңгені құраған.

Бұдан бөлек, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымының көлемі 735,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 32,1% өскен. Оның ішінде экспорт – 622,8 млн. АҚШ доллары, импорт – 112,3 млн. АҚШ доллары.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

————

В ТУРКЕСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ ПРИВЛЕЧЕНО БОЛЕЕ 970 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ

Об этом сегодня на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил заместитель руководителя департамента Бюро национальной статистики Агентства РК по стратегическому планированию и реформам по Туркестанской области Нуркожа Бекжанов.

По его словам, объем валового регионального продукта Туркестанской области за январь-сентябрь 2023 года составил 2 трлн 699 млрд тенге.

«По итогам января-декабря прошлого года объем инвестиций в основной капитал в области составил 972 млрд 31,8 млн тенге, что на 26,1% больше, чем в 2022 году. При этом доля частных инвестиций составляет 72,5%. То есть наиболее приоритетными секторами являются промышленность и недвижимость. Также доля бюджетных инвестиций — 27,5%. Они направлены на развитие объектов инфраструктуры, в сфере недвижимости, деятельности в сфере административного и вспомогательного обслуживания, — сказал Нуркожа Ермекулы.

В связи с развитием экономики и с целью улучшения положения населения ежегодно увеличиваются инвестиции в операции с недвижимостью. Так, в январе-декабре 2023 года инвестиции в основной капитал в этой сфере увеличились на 4,3% до 156 млрд 268,6 млн тенге.

Кроме того, за январь-ноябрь 2023 года объем взаимного торгового оборота Туркестанской области со странами Евразийского экономического союза составил 735,1 млн. долл. США, что на 32,1% больше, чем в 2022 году. Из них экспорт – 622,8 млн. долл. США, импорт – 112,3 млн. долл. США.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРИЖДЕН 2 МЕДАЛЬ АЛЫП КЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *