Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді.

«2023 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құрады. Оның ішінде қала халқы – 527 633 адам, ауыл халқы – 1 613 293 адам. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 51 145 бала туған. Оның 26 323-і – ұл бала, 24 822-сі – қыз бала. Бүгінде облыс туу бойынша республикада көш басында, оның үлесі 14,3% құрап отыр»,-деді Нұрқожа Ермекұлы.

Бұдан бөлек, спикер өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 10 826 неке тіркелгендігін айтты. Сондай-ақ, 2023 жылы тіркелген ажырасулар саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға кемігенін жеткізді.

Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында көші-қонмен облысқа 35 953 адам келген. Оның ішінде 35 473 адам – Қазақстанның басқа облыстарынан, 473 адам – ынтымақтастық елдерінен, 7 адам — алыс шет елдерден келген. Жалпы облыс ішіндегі көші-қон 40 373 адамды құраған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

______

ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ЛИДИРУЕТ В РЕСПУБЛИКЕ ПО РОЖДАЕМОСТИ

Об этом на брифинге сообщил заместитель руководителя департамента Бюро национальной статистики Агентства РК по стратегическому планированию и реформам по Туркестанской области Нуркожа Бекжанов.

«По состоянию на 1 декабря 2023 года численность населения Туркестанской области составила 2 140 926 человек. Из них городское население – 527 633 человека, сельское население – 1 613 293 человека. За январь-ноябрь 2023 года родилось 51 145 детей. Из них 26 323 мальчика, 24 822 девочки. Сегодня область лидирует в республике по рождаемости, ее доля составляет 14,3%», — сказал Нуркожа Ермекулы.

Кроме того, спикер отметил, что за январь-ноябрь прошлого года зарегистрировано 10 826 браков. Также в 2023 году количество зарегистрированных разводов сократилось на 5,6% по сравнению с 2022 годом.

В январе-ноябре прошлого года в область мигрировало 35 953 человека. Из них 35 473 человека – из других областей Казахстана, 473 человека – из стран содружества, 7 человек — из стран дальнего зарубежья. В целом миграция внутри области составила 40 373 человека.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *