Бөлшек салық – жеке кәсіпкерлік және ЖШС үшін жаңа арнайы салық режимі. Ол екі жыл бұрын кәсіпкерлерге пандемиядан кейін қалпына келуге көмектесетін эксперимент ретінде енгізілген болатын.
Эксперимент сәтті өтті. Былтыр бөлшек салықты тұрақты негізге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Алғашында ол жаңа Салық кодексімен бірге 2024 жылы ғана пайда болады деп болжанған. Бірақ кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтар 2023 жылдан бастап бөлшек салықты қолдануды белсенді түрде қолдады.
2023 жылғы наурызда Мемлекет басшысы бөлшек салықты салық кодексіне енгізу туралы түзетулерге қол қойды, оған сәйкес жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылда 2 млрд теңгеден аспайтын кәсіпкерлер бөлшек салықты қолдана алады. Ол аталғар мөлшерлемелер бойынша төленеді: жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8%.
Бұдан басқа, қалалар мен ауылдық жерлерде қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты, мысалы, аудан орталықтары мен ауылдарда бизнесті жүргізудің әртүрлі жағдайлары ескеріле отырып, мәслихаттар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін мөлшерлемені 4% — дан 2% — ға (50 пайызға) дейін төмендетуге мүмкіндік алды.
Бизнес үшін өте маңызды бөлшек салық мөлшерлемесін 4% — дан 2% — ға дейін төмендету туралы мәселені бүгін Жетісу облысы Қаратал ауданы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.
Аудандық Кәсіпкерлер Палатасының директоры Фархат Құсайынов:
Біздің мәслихат бірауыздан бірыңғай бөлшек салықты 2% деңгейінде қолдады. Мәселе жергілікті органдардың құзыретіне жатқызылғандықтан, біз жергілікті бизнесімізді қолдай алдық, – деп атап өтті.
Comments