ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР БАҚЫЛАНА МА?

Бүгінгі күні біз базарларға немесе дүкендерге барып сауда жасап, таксилерге, қоғамдық көліктерге мініп төлем жасар кезде бұрынғыдай қолымызға ішінде саудыраған қағаз ақшасы мен сылдырыған теңгесі бар әмиянды алмай, заманауи әрі қолайлы төлем тәсілдерінің бірі болып табылатын «Мобильді аударымдар» біздің күнделікті өмірімізге тығыз енгені сондай оларсыз төлемдерді елестету мүмкін емес көрінеді.

Бір жағынан қарасақ төлемнің осы түрін пайдаланатын кейбір бизнес иелері тұтынушыларға сатылған тауары үшін кассалық чек бермейді, салық есептілігіндегі айналымдарды көрсетпейді, аударымдар тауарды өткізу немесе қызметтер көрсету кезінде осы бизнеске қатысы жоқ немесе бизнес субъектісі ретінде тіркелмеген үшінші тұлғалардың атына аударылып жатады.

Көпті толғандырған «МОБИЛДІ АУДАРЫМДАРДЫ ТЕКСЕРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?» деген сұраққа жауап беру үшін бүгін ағымдағы қаңтар айының 9 күні, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, басқарманың бөлім басшысы және БанкЦентрКредит өкілдері қатысқан аудан кәсіпкерлеріне жиын өткізді.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

1.Мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған, Айта кету керек, мемлекет барлық мобилді аудармаларды тексермейді. Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалғанда ғана тексеру жүргізіледі.

2.Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ.

3.КЕЙБІР КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТЫП, ТЕК ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫ ТАЛАП ЕТЕ БАСТАДЫ. БҰЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗАҢДЫ? «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап). Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).

4.ЕГЕР КӘСІПКЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСА.. тұтынушы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіне алады.

5.Жеке тасымалдаушылар (такси) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы жасауға болады. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін тек смартфон қажет. Жолаушыларға чек беру үшін салық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ.

Қазіргі күні Бизнес жүргізуге және оны дамытуға мемлекет тарапынан қолайлы жағдай да жасалған.. салықтық міндеттемелерді адал орындау, оны жасырудан әлдеқайда тиімді және мобилді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді,- десе..

Аудандық Кәсіпкерлер Палатасының директоры:

Жыл сайын ел көлемінде кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында көптеген игілікті іс-шаралар атқарылу үстінде. Біз қашанда ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясатын қолдап осы саланың өсіп – өніп гүлденуіне мүделі тараппыз, егерде құқықтарыңыз бұзылып жатса қашан жандарыңыздан табылуға дайынбыз деді..

Жиын соңын БанкЦентрКредит өкілдері кәсіпті дамыту үшін мемлекет тарапынан ұсынылатын 20 млн-ға дейінгі жеңілдетілген кепілсіз несие шарттарымен таныстырды.

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Алдыңғы

Карс туристерге тамаша демалыс сыйлайды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *