Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданы активімен мәжіліс өткізіп, ауданды дамыту барысын талқылады. Кемшіліктерді зерделеп, мәселелерді шешу жолдарын ақылдасты. Сенімді ақтай алмаған кейбір жауапты басшыларға сын-ескертпе айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.
– Биыл мамыр айында келіп, өздеріңізбен жүздескен болатынбыз. Сол кезде Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барысымен танысып, аудандағы кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілген еді. Бүгін осы атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін қайта жиналып отырмыз. Қазығұрт ауданының 2023 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық даму бойынша арнайы меморандум жасалған болатын. Биыл 10 айдың қорытындысымен аудан бойынша бірқатар көрсеткіштер орындалмаған. Өнеркәсіп, өндеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстарын күшейтіңіздер. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру төмен деңгейде ұйымдастырылып отыр. Осы бағытта атқарылған жұмыстарды саралап, тиісті қорытындыларды шығару керек. Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары бекітілген кестеден кешіктіріліп жатыр. Ауданда орналасқан индустриалды аймақта ағын сулардың ирригациялық жүйелері бұзылған, сыртқы жарықтандыру кабелі орнатылмаған. Өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды қабылдау керек, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға бірқатар міндет жүктеді.
Мәжілісте аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың есебі тыңдалды. Ол ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды зерделеу барысында анықталған кемшіліктер мен барлық саладағы көрсеткіштерге тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмыс орындарын көбейту, туризм саласын дамыту, әлеуметтік нысандарды сапалы әрі уақтылы тапсыру, кәсіпорындарды көбейту, инвестиция тарту жұмысын жандандыру, денсаулық, білім және өзге де салаларда жұмысты ширатып, халыққа қолайлы жағдай жасау жөнінде тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
———
ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ КАЗЫГУРТСКОГО РАЙОНА
Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды провел совещание с активом Казыгуртского района, где обсудил ход развития района. Были обсуждены недостатки и предложены пути решения проблем. В адрес руководителей, которые не справились с функциями, была высказана критика, им поручено активизировать работу.
— В этом году мы встречались с вами в мае. Тогда были даны конкретные поручения по устранению недостатков в районе. Сегодня мы вновь собрались, чтобы подвести итоги проделанной работы. Был заключен специальный меморандум по основному социально-экономическому развитию Казыгуртского района на 2023 год. По итогам 10 месяцев этого года в районе не выполнен ряд показателей. Поручаю усилить работу по развитию промышленности, в том числе обрабатывающей, и малого и среднего бизнеса. Работа по реализации программы «Ауыл аманаты» организована на низком уровне. Необходимо проанализировать проделанную работу и сделать выводы. Работа по обеспечению населения качественной инфраструктурой затягивается. В промышленной зоне ирригационные системы находятся в непригодности, нет кабеля наружного освещения. Примите конкретные меры по решению этих и других проблем, — сказал Дархан Сатыбалды, поставив перед ответственными лицами ряд задач.
На заседании заслушали отчет акима района Азизхана Исмаилова. Он доложил о проделанной в районе работе.
Руководитель аппарата акима Туркестанской области Еркегали Алимкулов остановился на недостатках и показателях во всех сферах, выявленных в ходе изучения деятельности района.
В завершение встречи акиму района и руководителям управлений были даны поручения по увеличению рабочих мест, развитию сферы туризма, качественной и своевременной сдаче социальных объектов, увеличению предприятий, активизации работы по привлечению инвестиций, созданию благоприятных условий для населения в сфере здравоохранения, образования и других сферах.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments