ӘдебиетРуханият

 ЖУРНАЛИСТ 

Жұртқа үлгі адамдығы, адалдығы,

Журналист — көршіміздің мамандығы.

Көкейінде түлеген қанаттанып,

Көгілдір дүниенің жаңа ән, жыры.

 

Сапарлардан көресің оны дәйім,

Күтеді алдан қуаныш жаны лайым.

Үйге оралса түнделеп, таң атқанша,

Тапсырманың жазулы бәрі дайын.

 

Тракторлар жарысар белден — белге,

Төл үнімен туған жер тербелгенде.

Бірге оранар ақ шаңға диханменен,

Егіс басы ерлерге дем берер де.

 

Ол бар жерде көңілден мұң қашады,

Жылқышымен өрісте жыр қосады.

Жас жүректің лүпілін оймен тыңдап,

Ұрпақ жайлы ұстазбен сырласады.

 

Уақыты өтетін жұмыспенен,

Жүйкелерін тең дер ем құрышпенен.

Тек жақсылық жасауға бағытталған,

Осы болар өмірде ұлы іс деген.

 

Көкірегі ояу, көңілі толған ағын,

Көршім жайлы осылай толғанамын.

Бесіктегі балама деймін сонсоң,

— Есейгенде тек ЖУРНАЛИСТ бол, қарағым.

Айтуған ШӘЙІМОВ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНА ҮН ҚОСУДА

Алдыңғы

«Бір ауыл – бір өнім»: Жетісуға Қырғызстанның тәжірибесі енгізілуде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *