БизнесЖаңалықтарЭкономика

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНА ҮН ҚОСУДА

Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өсетін, әлемде 9,5 млн гектардан аса жерде өсірілетін кең таралған бағалы техникалық дақыл түрі, тәтті түбір — қант қызылшасы.

Республика бойынша адам ағзасына тез сіңетін қуат көзі, тамақ өнеркәсібі мен күнделікті өмірде барлығымыз қолданатын – тәтті өнімді жоғарыда өзіміз атап өткен тәтті түбірден алады.

️ Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік, тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахарозбен 17 – 19%-дай қант болады.

Ел көлемінде қылшаның 28 сорты өсіруге рұқсат етілген, екен.

Кең таралған түрлері – Ялтушковская односемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксанг, Амели, Венера, Георгина, Ленора.

Еліміздегі 4 қант зауытының екеуі Жетісуда орналасқан. «Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында Жетісу өңірін еліміздегі қант өндіруші орталықтардың біріне айналдыру керек деген ел Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел үкіметіне берген тапсырмасына өз үлестерін қосу үшін, еңбегі ащы — өнімі тәтті дақылды өсіріп жүрген Қаратал – Көксу аудандарының шаруа қожалық иелері өз өнімдерін Көксу қант зауытына өткізуде.

Басты мақсат тәтті түбірді уақытында, жауын-шашынға қалдырмай жинап алу.

АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР ЕУРОПАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕЛУДЕ

Алдыңғы

 ЖУРНАЛИСТ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *