2023 жылы 21 қазан күні Түркістан музыкалық драма театры III жаңа маусымын бастайды. Театр маусымы «Келіндер көтерілісі» қойылымымен ашылады.
«Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Алғаш рет Мұхтар Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік Академиялық драма театрының сахнасында 1978 жылы 15 сәуірде көрсетілген болатын. Өзбекстан Республикасының көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың шығармасын аударған — Асқар Сүлейменов. Инсценировка авторы және режиссеры — Дәурен Серғазин. Театрдың көркемдік жетекшісі — Айнұр Көпбасарова. Балетмейстер — Мадина Мұратпекова.
Премьера 21-22 қазан күні сағат 19:00-де көрермендерге жол тартпақ. Билеттер @ticketon.kz сайтында және театр кассасында +7 707 559 10 20 сатылымда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments