АймақЖаңалықтарСпорт

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ ТУРНИРІНІҢ «ТҮЙЕ БАЛУАНЫ» АТАНДЫ

Түркістан облысында қазақ күресінен аламан дода аяқталды. Қазақтың дара перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия кубогы сайысы өз мәресіне жетті.

Дүбірлі күрес бәсекесіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркістан облысының ең мықты деген балуандары қатысып, күрестің көркін қыздырды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақ күресі шеберлері 5 салмақ дәрежесінде белдессе, екінші күні 3 салмақ дәрежесімен қатар «Түйе балуан» бәсекесінің де жеңімпазы анықталды. Жалпы 8 салмақ дәрежесінде ең талантты деген 150 балуан күресті. Өзбекстан мен Қытай, Тәжікстан, Қазақстан елдерінің ең апайтөс жауырынды намысшыл саңлақтары бас қосып, өзара шеберліктерін көрсетті.

Аса тартысты өткен «Түйе балуандар» сайысында Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының дарынды спортшысы Қайсар Шамшидиновке тең келер балуан болмады. Ал, күміс жүлдегер атанған Өзбекстанның өкілі Шерали Жураев болса, тағы бір қазақстандық талантты спортшы Марат Байкамуровқа қола медаль бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев құрмет көрсетіп, марапаттады. Айта өтерлігі топ жарып жеңімпаз атанғандарға 200 мың теңге берілсе, екінші орынға 100 мың және үшінші орынға 50 мыңнан қаржылай сыйақы берілді.

Сондай-ақ барлық қарсыластарын тізе бүктірген «Түйе балуан» Қайсар Шамшидиновке «Нива» автокөлігінің кілті табысталды. Күрес додасын Түркістан облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлерлігі мектебі ұйымдастырған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАНЕЦ КАЙСАР ШАМШИДИНОВ СТАЛ ОБЛАДАТЕЛЕМ ЗВАНИЯ «ТУЙЕ БАЛУАНЫ» НА ТУРНИРАЕ КАЖЫМУКАНА МУНАЙТПАСОВА ПО ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

В Туркестанской области завершились состязания по қазақ күресі. Турнир на Кубок Азии среди взрослых по қазақ күресі был посвящен памяти великого казахского силача Кажымукана Мунайтпасова.

В соревнованиях приняли участие сильнейшие борцы Казахстана, Монголии, Китая, Индии, Узбекистана, Кыргызстана, Таджикистана, Туркестанской области.

В первый день соревнований мастера қазақ күресі состязались в пяти весовых категориях, а во второй день, наряду с тремя весовыми категориями, был определен победители в номинации «Туйе балуан».

В общей сложности в восьми весовых категориях боролись 150 борцов.

В состязании «Туйе балуан» не было равных туркестанцу Кайсару Шамшидинову, который защищал честь Казахстана. Серебряным призером стал представитель Узбекистана Шерали Жураев, а бронзовую медаль завоевал Марат Байкамуров.

Победителей и призеров чествовали аким Ордабасинского района Азат Оралбаев и председатель Туркестанского городского маслихата Гаппар Сарсенбаев. Победителям было присуждено 200 тыс. тенге, за второе место — 100 тыс., третье — 50 тыс. Также Кайсару Шамшидинову вручили ключи от автомобиля «Нива».

Организаторами соревнований выступили акимат Туркестанской области и областное управление физической культуры и спорта, областная школа высшего спортивного мастерства по неолимпийским и национальным видам спорта.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6109 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «ҚЫЛУЕТТІҢ» ІШІ ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕ ЖАСАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *