Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6109 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

Облыс орталығында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың түрлі жобалары жүзеге асып келеді. Биылғы жылғы жоспарда шаһарда 6899 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Жоспар жүзеге асырылғалы орталықта 6109 жаңа жұмыс орны ашылып үлгерген.

Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, қаладағы әлеуметтік белсенді тұрғындар саны – 78 171 жетсе, ал жұмыссыз тұрғындар саны – 3800 құраған. Сондай-ақ мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында жүйелі жоспарлар түзіліп, межелер қойылды.

Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында жастар практикасымен 490 азамат жұмысқа жолданса, әлеуметтік жұмыс орнына 173 тұрғын, тұрақты жұмыс орнына 3551 адам орналасты. Ал жыл басында қойылған межелердің бірқатары артығымен жүзеге асты.

Атап айтқанда 1231 азамат қоғамдық жұмыс орнына (жоспарда 1000), 102 адам алғашқы жұмыс орнына (жоспарда 90), 175 тұрғын күміс жас жобасымен (жоспарда 90) жұмысқа орналасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАН С НАЧАЛА ГОДА СОЗДАНО 6109 НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

В областном центре реализуются различные проекты социальной защиты населения. На этот год было запланировано создание 6899 новых рабочих мест. За время реализации плана в центре создано 6109 рабочих мест.

По последним данным, численность социально активного населения города составила 78 171 человек, а безработных – 3800 граждан. Также в рамках государственной программы «Еңбек» сформированы системные планы и поставлены цели.

С начала года в рамках данной программы на молодежную практику направлены на работу 490 граждан, на социальные рабочие места трудоустроены 173 жителя, на постоянные рабочие места — 3551 человек. Ряд поставленных в начале года задач был перевыполнен.

В частности, 1231 гражданин трудоустроен на общественные рабочие места (при плане в 1000), 102 человека — на первые рабочие места (при плане в 90), 175 жителей — в рамках проекта «Серебряный возраст» (при плане в 90).

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 13 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС МАМАН ЖҰМЫС ТАПҚАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ ТУРНИРІНІҢ «ТҮЙЕ БАЛУАНЫ» АТАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *