АймақБизнесЖаңалықтар

Балпық би кентінде «Перу Лала гүлі өсірілмекші»

Бүгінгідей дамыған заманда кәсіптің көзін табу оңай емес нәзік жанды аруларға, әсіресе отбасымен қатар бизнесті алып жүру. Не десекте бұл сөз қыз-келіншектерге арнап айтылмағанына кейде көз жетіп жатады. Бірі кұрақ көрпесін тігіп, бірі сүт пен қаймағын сатса, бірі жылыжайын иран баққа айналдырып, айналысына күлкі сыйлап жүргенін көріп жүрміз. Бүгін біз жазбақ кейіпкеріміз Көксу ауданды Балпық би кентінің тұрғыны Жұмағұл Раушан Мейірханқызы өмірлік серігі Шыңғыспен ақылдаса келе үйлерінің ауласына жылыжай орнатып, оңтүстік америкалық халық «Алланың адамзатқа жіберген сыйы» деп түсінетін «Альстромерия» гүлін немесе Перу лала гүлін өсіруді қолға алмақшы. Бұл гүлді Еуропаға алғаш рет швед бароны Клаус фон Альстромер әкелгендіктен құрметіне Альстромерия деп аталған екен.

Бүгін ағымдағы қыркүйек айының 7 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов, аудандық «Іскер Әйелдер Кеңесінің» төрайымы Утешбаева Салтанат Мұхаметханқызымен бірге «Раушан» жеке кәсіпкерлігінің басшысының үйіне арнайы барып алдағы жоспарларын біліп қайттық.

Раушан Мейірханқызы:

— Отағасы Шыңғыспен ақылдаса келе жылыжай ашып гүл өсірсек деп шешіп, қандай гүл өсіру керек деген мәселені ойластыра бастадық. Өзге гүл өсірушілер сияқты қарапайым күнделікті қолданыстағы раушан, хризантема және тағы басқа үй гүлдерін өсірсек бұл гүлдерді бәрі егеді. Ал біз көп ешкім өсірмейтін, сонымен қатар бастысы табыс әкелетін гүл іздедік. Жергілікті нарықты зерттеп біздің өңірде бұндай ерекше гүл өсіру жағы олқы түсіп жатқанын аңғарып, көбіне Оңтүстік Америка мен Голландияда өсетін көпжылдық нәзік гүл «Альстромерия» гүліне тоқталдық. Ерекше күтімді қажет ететін альстромерияны өсіру, күтіп-баптау оңай шаруа емес. Осы гүлді өсірем деушілерге ең басты айтарым есте сақтап ұмытпаған жөн, Альстромерия — тұқымын үш жылда бір жаңартып отыру қажет, – дейді болашақ бағбан.

Аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Салтанат Мұхаметханқызы:

— Раушан қызымыз сияқты жылыжай ісімен айналысам деуші аудан тұрғындарының осы салада білімін жетілдіріп сеніммен алға басуына аудандық Атамекен кәсіпкерлер палатасының филиалымен, іскер әйелдер кеңесі арнайы курстар ұйымдастыруда. Жоспарымыз осы салаға жаңа келіп, курстарда білім алатын жас кәсіп иелерін үлкен жылыжай иелерінің кәсіптерінде тәжірбиеден өткізу деп, ойын айтса…

Аудандық Кәсіпкерлер Палата директоры Фархат Құсайынов:

— Қазақта «Тәуекел түбі желқайық өтесің де кетесің» деген нақыл бар ғой. Былай қарасақ басқа емес ауылдан гүл өсіретін жылыжай салу да үлкен батылдық деп санаймын өз басым. Қала халқының көбісі ауылда: «Тек егін егіп, мал өсіруге ғана болады» деген пікірде. Кәсіпкеріміз Раушанның ұмтылысы осы кері ағар бір жақты пікірді терістеп, ауылда да қаладағылардың сұранысын қанағаттандыратын кәсіппен айналысуға болатынын дәлелі болмақшы деді.

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН КӘСІП АШҚАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБАСЫНАН ТЫҢ ДЕРЕКТЕР АНЫҚТАЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *