Ауданымызда мемлекеттік грант алып, мал шаруашылығымен айналысатындар қатары көбейіп келеді.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев мемлекет тарапынан берілетін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтардың кәсібімен танысты.
Алдымен аудан басшысы аудандағы мемлекеттік грант алып қой шаруашылығын дамытып отырған Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны Е.Бөртебаевтың жұмысымен танысты. Кәсіпкер қой шаруашылығын дамытуды мақсат тұтып, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік грант алып, асыл тұқымды «қисары» қой тұқымын сатып алған. Бүгінде үй іргелік қорасында мал басын көбейтіп кәсібін дөңгелетуде. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта мал кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Содан соң, аудан басшысы аталған ауылдық округ тұрғыны Т.Секеровтың мемлекеттік грант алып бастаған кәсібімен танысты. Т.Секеров ағымдағы жылы мемлекеттен грант алып, екі бас құлынды бие сатып алған. Жылқы шаруашылығымен айналысып қымыз, саумал өнімдерімен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп келуде. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мемлекеттік грант алып кәсіп бастаған азаматтардың жұмысымен танысқан аудан әкімі мал шаруашылығының маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Comments