АймақӘлеуметБизнес

АУДАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ЖОБАЛАР ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУДА

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Айта кетсек, Жартытөбе ауылдық округіндегі «Жартытөбе-агро» кооперативіне 132 адам мүшелікке енгізіліп, 90 азаматтың құжаттары «Ырыс» МҚҰ-на тапсырылған. Нәтижесінде 66 өтінішке оң қорытынды беріліп, 34 азаматтың қаржысы аударылған.
Қазіргі таңда, екі азамат У.Мусаев пен А.Махамадханов қаржыларын алып, жылыжай құрылысын жүргізуде. Кооператив мүшелері үй іргелік жерлерге жылыжай салып, қияр, қызанақ өсіруді жоспарлап отыр.
Жылыжай құрылысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев:
— Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Бүгінгі таңда аталған бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мал, құс, өсімдік, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар,-дей отыра кәсіп бастауға ниеттеніп отырған кәсіпкерлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАНДАР КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Алдыңғы

3 жыл әкімшілік кедергіге ұшырап, сандалған халықтың мәселесі шешімін тапты.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *