АймақЖаңалықтарЖастар саясатыМәдениет

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ САУМАЛМЕН ЕМДЕЙТІН ОРТАЛЫҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгінде Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орталықтарының саны жыл сайын артып келеді. Соның бірі «Диханкөлдің қымызы» брендімен танылған Қоғалы ауылдық округіндегі екі шипажай ел игілігі жолында қызмет көрсетіп келеді.

Тау баурайының қоңыр салқын таза ауасымен тыныстап, бес мезгіл саумал ішіп, демалуды көздегендер еліміздің әр өңірінен келуде.

Орталыққа дертіне дауа, жанына шипа іздеп келгендерге төрт мезгіл ас, атпен серуендеуге де мүмкіндіктер қарастырылған. Бір мезгілде 25 адам тынығып, ем алатын демалыс орнында емдік өнімді әзірлеу үшін 10-ға жуық бие сауылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«АХМЕТ АҒАМ АРҚАМНАН ҚАҚҚАН»

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 20 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *