Қазақта «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» деген бар, ел президентінің тапсырмасына сәйкес елдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру ең бірінші – халық қамы екені сөзсіз. Осы ретте әлеуметтік дүкендердің септігі мол. Мұндай нысандар тұрғындардың қалтасын қақпай, тұрмысын түзеуге мүмкіндік беретіні анық. Ықылым заманнан «Қашанда көршісін аш қалдырмаған» халық емеспізбе, халықының қалтасын қақпай, тұрмысын түзеуді көздеген жеке кәсіп иесі Көшкінбаева Шолпан Қобдолдақызы аудан орталығы Үштөбе қаласында «Дәубай» базарының алдынан «Әлеуметтік азық — түлік дүкенін» ашты. Бұдан бұлай аудандағы тұрғындарына аталмыш дүкеннен өзіне қажетті азық-түлікті артық қаржы жұмсамай-ақ алуға мүмкіндік туып отыр.
Шолпан Қобдолдақызының «Әлеуметтік азық — түлік дүкенінің салтанатты ашылуына аудан әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы, әкімі аппаратының басшысы Жетібаев Ерлан Нұржігітұлы, аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Байгазинова Гаухар Нұртайқызы, аудан мәслихатының төрағасы Әкімжанов Мәди Болатұлы, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархат мырзалар арнайы қатысты.
Аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы:
— Қазақта «Қайырымдылық етсең, қайырын көресің» – деген сөз бар Шолпан Қобдолдақызына осы аталы сөзді ұмытпай ел игілігі үшін тұрғындардың қажетті азық-түлікті артық қаржы жұмсамай қол жетімді бағада ұсынып отырғанына және президентіміздің азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тапсырмасына ауданнан әлеуметтік дүкен ашып өз үслесін қосқаны үшін үлкен рахмет, — деп дүкен ұжымымен басшылығына алда атқарар үлкен істеріне сәттілік тіледі.
Аудандық Кәсіпкерлер Палатасының директоры Фархат Құсайынов:
– Жыл сайын кәсіпкерлікті дамыту бағытында игілікті іс-шаралар атқарылу үстінде. Жеке кәсіпкер Шолпан Қобдолдақызының бастамасымен ашылған әлеуметтік дүкеннің маңызы жоғары. Ең бастысы, дүкен сөресіндегі тауар бағасы халыққа қол жетімді, деп атап өтті.
Дүкен әкімшілігі айтуында: мақсаттары — аудан халқына қолжетімді бағамен азық-түлік тауарларын ұсыну. Бүгінгі күні дүкен жұмыссыз 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды және әлеуметтік дүкен ашу кезінде ұсыныстарын қолдап көмектескен аудан басшылығына алғыс айтуда.
Сөз соңында айтпағым зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арзан әрі сапалы азық-түлікпен қаматамасыз ететін дәл осындай дүкендер үлкен көмек болары айтпасада белгілі.
Comments