Жаңалықтар

«AMANAT»: АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясының және Halyk bank-тың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған семинар-тренингтің екінші кезеңі жалғасуда.Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округінде өтті. Оқу семинарына «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е.Исақұлов, жоба сарапшысы Ренат Мамырбеков, бірқатар БАҚ өкілдері қатысты. Одан бөлек,100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты.
Аталған қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жоба сарапшысы Ренат Мамырбеков оқытады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Айта кетейік 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін жалғасын табатын болады, Сонымен қатар, еліміздің 8 өңірінде тегін курс оқулары ұйымдастырылған. Тұрғындарды оқыту 3 топқа бөлу арқылы, 5 күн бойында жалғасады.

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Рысқұлов және Жаскешу ауылдық ауыл округінде жалғасуда.

Алдыңғы

“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Ордабасы ауданында жалғасуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *