Жаңалықтар

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Рысқұлов және Жаскешу ауылдық ауыл округінде жалғасуда.

2023 жылдың 03-05 шілде айы аралығында ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Рысқұлов және Жаскешу ауылдық округі тұрғындарымен 3 күн бойы таңертеңнен кешке дейін оқу-семинар өткізілді. Ауыл тұрғындарына семинарды қаржы тренерлері А.Салауатов және С.Исимова өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті . Бүгінде барлық қатысушыларға семинар сабағына қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады. Келесі кезектегі оқу-семинар Түлкібас кенті және Кемербастау ауылдық округтерінде өткізілмек. Қатысуға ниеті бар азаматтарды тегін қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жобаны Halyk Bank қаржыландырады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, оқу процесіне қатысушыларға заңгер көмегі көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың (жеке тұлғалар) қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 400 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРМЕК

Алдыңғы

«AMANAT»: АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕСТІҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *