Жаңалықтар

Қаржылық сауаттылықты арттыру жиыны

Жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында 26-30 маусым аралығында Балықты және Мичурин ауылдық окрунтерінде қаржы тренерлерінің қатысуымен «Қарызсыз қоғам» жобасы өткізілді. Бүгінгі таңда, яғни шілде айының 03-05 аралығында Жаскешу және Рысқұлов ауылдық округтерінде жалғасын табуда. Округ тұрғындары «AMANAT» партиясының мұрындық болуымен өткізіліп жатқан оқу-семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, өте маңызды нәрселерден хабардар болып, біліктіліктерін арттырып жатқандығын жеткізді. Барша округ тұрғындарын аталмыш жобаға белсене қатысуға шақырамыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жобаны Halyk Bank қаржыландырады.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың (жеке тұлғалар) қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында алғашқы кезеңде Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының 80 мыңға жуық тұрғыны оқытылады.
Барша округ тұрғындарын аталмыш жобаға белсене қатысуға шақырамыз.

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 20 МЫҢ КІТАП» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 26 МЫҢ КІТАП ЖИНАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *