АймақӘлеуметБизнесЖаңалықтар

Жетісу облысында 15-ке жуық мектепті биоотынмен қамтамасыз етуде

«Факел ЛТД» бірлескен Қазақ-Герман кәсіпорны» ЖШС мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қатыса отырып, Жетісу облысында 15-ке жуық мектепті биоотынмен қамтамасыз етіп жатыр.

Шетелдік қатысуы бар кәсіпорын 2013 жылы отын түйіршіктерін шығаруды бастаған. Өндіріс көлемі жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда «Факел ЛТД» жыл сайын шамамен 1,5 мың тонна биоотын өндіреді.

ЖШС қызметіне Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының АӨК сарапшылары да қызығушылық танытты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандарына арнап өндіріс ішінде экскурсия жасалды. ЖШС директоры Наталья Жилина түйіршіктер жергілікті шикізаттан (кәсіпорын өз бетінше дайындайтын немесе қосымша сатып алатын жергілікті алқаптардан алынған сабан) жасалатынын айтты. Шикізат ретінде үгінділер, ағаш қалдықтары және күнбағыс қабығы да қолданылады.

Сарапшылар түйіршіктерді өндіру технологиясы күрделі емес екенін атап өтті. Шикізат белгілі бір жолмен престеуге дайындалады, содан кейін түйіршіктеледі және оралады. Бұл өнім кішкентай таяқшалар түрінде болады.

«Биотынға сұраныс өсіп келеді, өйткені оның бағасы арзан әрі экологиялық таза. Биотынды білім беру ұйымдарына жеткіземіз. Атап айтқанда, облыс орталығына жақын аудандардағы 15 мектеппен жұмыс істеп жатырмыз», – деді Наталья Жилина.

«Факел ЛТД» ЖШС-да 15 адам жұмысқа орналасқан. Литвадан әкелінген жабдық сапалы түйіршіктер шығарады.

«Қазақ-Герман кәсіпорнының қызмет түрін таңдауы дұрыс болды. 10 жыл ішінде кәсіпорын нарықта аяғына нық тұрды. «Факел ЛТД» ЖШС өнімі сұранысқа ие, бұл кәсіпорынның мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қатысуын қамтамасыз етеді», – деп түйіндейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы басқарушы директорының салалық даму жөніндегі орынбасары Бекмұрат Мұсахан.

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Көлкент ауылында жалғасын табуда

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *