ӘлеуметЖаңалықтар

Бір ауыл – бір өнім жобасы Қараталда

Өткен ХХ ғасырдың 70 жылдары Жапон мемлекетінде ауылды экономикалық құлдыраудан шығару мақсатында Oитa префектурасының бұрынғы губернатор Морихико Хирамацуның бастамасымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы енгізіледі. Жобаның басты мақсаты қолда бар жергілікті ресурстарды пайдалана отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін бизнес ретінде бір бәсекеге қабілетті және негізгі өнім шығару. Сонымен қатар өндірген өнімді нарықта жылжытып, сапаны бақылау техникасын қолдану арқылы әр кәсіптің өзіне ғана тән ерекешілігін айқындайтын брендинг ұғымын қалыптастыру. Жоба арқылы жергілікті жердің құндылығын көрсете отырып, жобадағы ауыл халқының рухын көтеріп, әлемдік нарықтарда бәсекеге түсе алатын өнімдерді әзірлеуіне септігін тигізді.

Бүгін Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының, Қаратал ауданы филиалының ақпараттық алаңында өңірлік әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының өкілдері жоба жайлы ақпар беріп бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

Бүгінгі таңда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы әлемнің бірқатар елдерімен қатар төсекте басымыз қосылмасада, төскейде малымыз қосылған көршілес айыр қалпақ Қырғыз елінде 10 жылдан аса уақыт сапалы жүзеге асырылып және ең ұтымды болып саналды. Біздің елге дені мен демі жаңа жоба өткен 2022 жылдан бастап алғаш бірқатар аймақта пилоттық ретінде енгізілсе, ал ағымдағы жылдан бастап бүкіл ел көлемінде «2021–2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының аясында «Мен кәсіпкер» кәсіпкерліктің әлеуетін дамыту құралы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейін «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлікті дамыту құралы 2 бағытты қамтыиды:

Бірінші бағыт –Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының « Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» арқылы кәмілеттік жасқа толған кәсіпкерлік бастамасы бар және кәсіппен айналысатын қыз — келіншектерге келесі қызметтерді көрсетеді:

1) кеңес беру;

2) кәсіптік және бизнес оқытуды, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды ұйымдастыру;

3) менторлық қызмет;

4) қаржыландыру (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту;

5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөнінде көрсетілетін қызметтер;

6) бизнеске талдау жүргізу қызметі;

7) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді жылжыту және әзірлеуге қатысты қызметтер.

Екінші бағыт — «Кәсіпке бағыт»- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында, бизнестің пікірлері негізінде анықталған қажеттіліктер бойынша оқыту және бейіндік (кәсіптік) оқыту қызметі көрсетіледі.

Жоба жайлы ақпарат алып, жобаға қатысуға өтінім беру үшін Талдықорған қаласы, Бірлік ш/а 2А мекенжайы бойынша Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасына жүгініп немесе 8 (7282) 401 965 телефон нөміріне хабарлассаңыз болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ.

Алдыңғы

ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ «ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ – 2023» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *