ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

12 сәуір — ғылым қызметкерлерінің күніне орай Тәшенов университетінде «Жастар және ғылым – 2023» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы екі күндік республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл конференцияға Тәшенов университетінің белсенді студенттері қатысты. Конференция барысында студенттер өз ғылыми жобаларын қорғап, түрлі тақырыптарда зерттеу еңбектерін ұсынған.

Конференцияның екінші күні шығармашылық идеялармен жалғасын тапты. Тәшенов университетінің студенттері мен оқытушыларының жұмысын көрсететін «Шығармашылық идеялар» фестивалінде қатысушылар ұлттық топтамалар мен кешкі жиындарға арналаған киімдер, балаларға арналған этностильдегі киімдер үлгісінен дефиле көрсетілді. Университеттегі халықаралық байқаулардың жеңімпаз әншілері мен талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Екі күнге созылған конференция қортындыланып, жеңімпаздарды марапатталды.

Айта кетейік, 12-сәуір — Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Бұл күн осылайша ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналып отыр.

«Шымкент келбеті»

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БОЛДЫ

Алдыңғы

«ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *