Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес өкілі суармалы 1,9 га жер учаскесіне сот шешімімен қойылған тыйымды босатуға көмек беру туралы шағыммен жүгінген.
Кәсіпкердің шағымын Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қарау барысында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы визуалды тексеру негізінде нақты фактілерді анықтамай, бау-бақшамен айналысатын жер учаскесіне заңсыз құрылыс салу туралы талаптар қойғаны анықталды.
Сот шешімімен кәсіпкерге заңсыз ғимараттарды бұзу туралы талап қойылып, атқарушылық іс жүргізу негізінде шектеулер қойылған. Нәтижесінде, жергілікті әкімдік кәсіпкерге 1000-нан астам жеміс-жидек көшеттері бар суармалы жер учаскесіне су беруден бас тартқан.
Осылайша, Антикор қызметтің ұсынымдары бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылып, бизнес субъектісіне қатысты барлық қойылған шектеулер мен кедергілер алынып тастау жолымен кәсіпкердің құқығы қорғалды.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰
В Туркестане предпринимателю незаконно наложен арест на орошаемый земельный участок
В Антикоррупционную службу по Туркестанской области обратился представитель бизнеса с жалобой на оказание помощи в освобождении запрета, наложенного решением суда на орошаемый земельный участок площадью 1,9 га.
В ходе рассмотрения жалобы предпринимателя совместно с Палатой предпринимателей области установлено, что Управлением государственного архитектурно-строительного контроля Туркестанской области на основании визуального осмотра предъявлены требования о незаконном строительстве земельного участка, занимающегося садоводством, без установления фактических фактов.
Решением суда предпринимателю предъявлено требование о сносе незаконных зданий, на основании исполнительного производства установлены ограничения. В результате местный акимат отказал предпринимателю в предоставлении воды на орошаемый земельный участок с более чем 1000 плодово-ягодными саженцами.
Таким образом, по рекомендациям Антикоррупционной службы было прекращено исполнительное производство и защищены права предпринимателя путем снятия всех наложенных ограничений и барьеров в отношении субъекта бизнеса.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰
Comments