ЖаңалықтарҚоғам

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын !

Бүгін ағымдағы наурыз айының 28 жұлдызы күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал аудандық филиалына «Нұр» жеке кәсіпкерлігінің өкілі арнайы келіп «Кәсіпкер мен облыстық Кірістер Басқармасы арасында туындаған мәселені» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жетісу облысы бойынша департаментімен бірге шұғыл түрде оңтайлы шешкені үшін Атамeкеннің ұжымына шын көңілмен риясыз алғысын білдіріп, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының төрағасы Оңалбаев Дәурен Барлықбекұлының атына жазған алғыс хатын аудандық филиал директоры Құсайынов Фархатқа табыстады

Сөз соңын «Нұр» жеке кәсіпкерлігінің өкілінің сөзімен аяқтайын: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей , осындай мәселе туындаған сәтте кәсіпкерді жалғыз қалдырмай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген сіздер мен Антикорға алғысымыз шексіз, әрдайым осылай береке бірлікте болайық Президентіміз Қасым- Жомарт Кемелұлы айтқан «Жаңа да, Әділетті Қазақстанды» құру жолында.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖЕР САҒАТЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Ең үздік олимпиадалық команда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *