ДенсаулықЖаңалықтар

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытудың маңыздылығын айтып, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау туралы нақты тапсырмалар берді.

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов Аққұм, Балтакөл, Көксарай, Маяқұм ауыл округтерінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында А.Адиева басқаратын «Samruk-Kazyna Turst» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының келісімшартында көзделген ауыл округтеріндегі емдеу мекемелеріне заманауи жедел жәрдем көліктердің кілтін табыстады.
Шара барысында аудан басшысы жедел жәрдем автокөлігі ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жедел емдеу шараларын көрсетуге үлес қосатынына сенім білдірді.

— Осы мақсатта ауылдық жерлерде тұратын тұрғындармен әр тоқсан сайын кездесіп, халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілектерін тыңдап, осы бағытта тиісті шаралар қолданып келеміз. Елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласымен бірге медицина саласы да күн тәртібінен түспейтін мәселелердің қатарында. Міне бүгінде тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштер кезең-кезеңімен іске асып келеді. Соның айқын дәлелі бүгін халық денсаулығын жақсарту мақсатында өздеріңізге табысталып отырған заманауи үлгідегі жедел жәрдем көлігі. Енді дәрігерлер ауылдық жерлерге еш кедергісіз барып жедел медициналық қызмет көрсете алатын болады. Ендеше сіздерге жүктелген ең үлкен міндеттердің бірі халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Сәкен Асылханұлы.
Айта кету керек, ауыл округтеріндегі дәрігерлік мекемелер халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Екі мекеме де білікті дәрігерлермен қамтылған. Бұған дейін тұрғындар ескі жедел жәрдем көліктері жиі бұзылып дәрігерлер уақытылы келе алмай, медициналық қызметті дер кезінде ала алмайтынына шағымданып келген. Бүгінде емхана дәргерлерімен бірге ауыл тұрғындары да ауылдық жедел жәрдем көліктерінің берілуіне дән риза. «Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жайлы жағдай жасап жатқан мемлекетімізге, осы бағытта қызмет етіп жүрген ел азаматтарына шынайы алғысымызды айтамыз»,-дейді тұрғындар.

Жас ақын өлеңдерін жатқа айтты

Алдыңғы

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА 7 ПАРТИЯДАН 283 КАНДИДАТ БӘСЕКЕЛЕС БОЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *