Жаңалықтар

300-ден астам «Трамадол» таблеткасын сатқан дәрігерді ұстады 

Түркістан облысының полицейлері 300-ден астам «Трамадол» таблеткасын сатқан дәрігерді ұстады. 

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде «Трамадол» дәрілік препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді:

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәрігер болып жұмыс жасайтын дәріхана сатушысы, Шардара қаласының тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті «Трамадол» препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды.

Осы жайт бойынша жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бойынша жолданды»-деп түйіндеді полиция полковнигі Қ.Сахов.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

АРАҚСЫЗ АУЫЛ

Алдыңғы

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *