ЖаңалықтарҚоғам

Мекке мен Медина қаласына жолдама алған 50-ге жуық азамат алаяқтарға алданды

26 қаңтарда Еңбекші АПБ-на алаяқтық жайты бойынша ерлі-зайыптылар арызданды. Күйеуі мен әйелі қасиетті мекен Сауд Арабиясына баруға «Каусар-травел» туристік агенттігі  жолдама уәде еткенін жеткізді. Олар өз қызметін 1 000 000 теңгеге бағалаған.

Алайда, 13 қаңтарда шетелге ұшу керек болған ерлі-зайыптылар уәде етілген әуе билеттері мен елден шығу визасын ала алмаған. Компания директоры қоңырауларға жауап бермей, жұмыс орнына іздеп барғанда ол жерде болмай шыққан.

Осындай арыздармен полицияға аталған турагенттіктің алаяқтық құрбаны болған тағы 48 адам жүгінді. Олар Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады.

Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәртіп сақшылары белгісіз бағытта жасырынған компания директорын іздестіруге кірісті. Оны іздеуге бес күн қажет болды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның Алматыда жасырынып жүргенін анықтады. Ол Медеу АПБ-ның әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен  қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Шымкент қаласы полиция департаменті.

Әдебиет әлеміндегі лирик ақын

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ӘРКІМ ӨЗ БОЛАШАҒЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *