Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістанда «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – аймақты дамыту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту Коалициясы ұйымдастырған басқосудың маңызы айрықша. Себебі, алқалы жиынның мақсаты – жаңарған Түркістан өңірінің бизнес саласындағы әлеуетін көтеру. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жиынның маңыздылығына тоқталды.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» — деді. Әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына жағдай жасауды тапсырды. Елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді. Бұл басқосуда маңызды ұсыныстар айтылып, жаңа жобаларға жол ашылатындығына сенемін. Қазақтың қыз-келіншектері қоғамның сан саласында белсенді болып, олардың бастамаларына қолдау көрсетілуі тиіс, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.


ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне қорғау департаменті директорының орынбасары Мерей Исаеваның пікірінше, кәсіпкерлікті дамыту бағытында нәзік жандылардың үлесі мол. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова да тақырыпқа қатысты маңызды ойлар қозғады. Өзге де спикерлер әйелдерді кәсіпкерлікке баулу, оларға қолдау көрсету бағытында баяндамалар жасады.
Мемлекеттік органдардың өкілдері Түркістан облысындағы әйелдер кәсіпкерлігі мен шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуы мен келешегі туралы ақпаратпен бөлісті. Коалицияның қызметі таныстырылады Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру бойынша ұсыныстар талқыланады. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері банктің тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы туралы ақпарат берді.
Қазіргі таңда Көпбалалы аналар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Жалпы алғанда облыс көлемінде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді. Осылардың ішіндегі 45 мыңға жуық әйел шағын және орта бизнеске басшылық жасап келеді.
«TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында КММ-нің өткен жылдың қорытындысы бойынша 1507 бизнес-жоспар жасалған. Аталған бизнес-жоспардың 466-сы – әйелдердің, қыз-келіншектердің идеясы. Сонымен қатар өткен жылға 1007 жоба сүйемелденіп, қаржы қаралған болса, оның 266-сы әйелдер кәсіпкерлігіне тиесілі болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА  КЕДЕРГІ  КЕЛТІРЕТІН  МӘСЕЛЕЛЕР  КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАРАЛДЫ

Алдыңғы

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Сарыағаш ауданының бизнес өкілдерімен кездесті  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *