ЖаңалықтарҚоғам

ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСУ

✍️ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқықтарын және мүдделерін заң аясында қорғау болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Жетісу облысы, Қаратал ауданында кәсіпкерлер палатасынының аудандық филиалы аудандық прокуратурамен бірге осы саладағы заңбұзушылықтарды анықтап жедел түрде жолын кесу мақсатында, бүгін ағымдағы қаңтар айының 🗓 12 күні аудандық прокуратурамен бірлесіп аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Қасымов Марат Сырымұлының, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің, аудандық кәсіпкерлер кеңеспен төрағасы Жексембиев Серікжан Бақытұлының, Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Құсайынов Фархаттың қатысуымен «Бизнестің түйткілді мәселелері» жөнінде кәсіпкерлермен ашық және шынайы пікірталас түріндегі жиын болып өтті.

📌 Аудан прокуроры Марат Сырымұлы:

Бүгінгі таңда аудан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау мен осы салададағы заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құрамында аудандық прокуратура қызметкері мен жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері кіретін мобильді топ жұмыс жасап жатқандығын және ел президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайын кәсіпктің өркендеп өсуі жолында оларға кедергі келтіретін жағымсыз іс әрекеттерді болдырмау үшін прокуратураға нақты тапсырмалар бергендігінен жыйылған жұртты хабардар етсе.

⛔️ Аудандық кәсіпкерлер кеңеспен төрағасы Серікжан Бақытұлы:

Прокурор мырзадан облыс орталығы мен жақын аудандардағы құрлысқа қажетті топырақты біздің ауданнан қазу мен тасуды ретке келтірсе және көктем мен жаз айларында қант қызылшасын арам шөптерден тазартатын жұмыс күшінің шаруа қожалықтарға аса қажет болатынын осы мәселені аудандық жұмыспен қамту арқылы шешу жолдары ыңғайланса деген ұсыныстарын да ортаға салды.

📢 Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Құсайынов Фархат

Кәсіпкерлер қауымына бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлкін иемденуге бағытталған телефон алаяқтығынан сақтануды және жоғарыда аталғандай жағдайға кездесіп жатсаңсыздар құқық қорғау орындарына хабарласыңыздар деген ескертуінде айта кетейін.

🎯 Сөз соңында Халық келiп-кеткендi сыйламайды, Қиылып қызмет еткендi сыйлайды, демекші 2021 жылдың басында облыстық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік прокуратура арасында бірлескен ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылған болатын, егерде бизнес өкілі Кәсіпкерлер палатасына немесе прокуратура органдарына жүгінген жағдайда, жол картасы аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен құқықтарын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша бірлескен нақты іс-шаралар көзделген.

🇰🇿 Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы айтқан «Әділетт Қазақстанды» құру жолында бәріміз елдің, мемлекеттің мүдесі үшін заңды қызмет етейік демекпін.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «КӘСІПОРЫНДАРДЫ КӨБЕЙТІП, МАҚТА ШИТІНІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТАМЫЗ»   

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *