Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында Оңтүстік Қазақстан Педогогикалық Университетінің «Коворкинг» орталығында студенттердің қатысуымен «Жаңа Қазақстан жастары» атты пікірсайысы өтті.
Мақсаты- мемлекет басшысының Жолдауындағы жастарға қатысты айтылған бірнеше бағыт-бағдарларды жастарға насихаттау. Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақыру.
Пікірсайыста модератор Бектас Тұрдыбаев, ОҚМПУ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасболат Бекдаулет және Жастар ресурстық орталығының маманы Қайыржан Бөгенбай төрешілік жасады.
Кездесуде М.Әуезов атындағы ОҚУ Оппозиция жағында, ал ОҚМПУ Үкімет жағында өзара сайысқа түсті. Жастар саясатының өзекті тақырыптары және жас қызметкерлердің имиджін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолы аясында Жолдауға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Comments