Бүгін сағат 10.00-де Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық үйі» ғимаратында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
Семинар-тренингті Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Шотанов ашып, ел бірлігін нығайтуда медиация институтын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар-тренингке қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдіктерінің қызметкерлері, этносаралық қатынастар саласына жауапты және салалық басқармалардың, құқық қорғау органдарының, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері, медиаторлар қатысты.
Семинар-тренингте Халықаралық медиация институтының директоры, халықаралық тренер-медиатор, кәсіби медиатор-практик, конфликтолог – Ж.Усипбекова, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» ҚБ-нің директоры, тренер-медиатор – Л.Ақшегірова және педогогика-психология магистрі, тренер-коуч, практикалық психолог, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторы – Г.Қожахметова қатысушыларға дәріс оқып, пікір алмасты.
Қазіргі кезде Шымкент қалалық ҚХА жанынан медиация кеңесі құрылған, құрамында 8 адам бар. Тоқсан сайын кеңестің мәжілісі өтіп отырады. Кеңесте қаралған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік мекемелерге ұсыныстар беріледі.
Comments